Идея сізден, қолдау бізден!
Мемлекеттік және ана тілдерін оқыту бойынша оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық, публицистикалық, көркем әдебиеттерді әзірлеу, шығару жұмыстары бойынша өтінімдер қабылданады.
Байқаудың мақсаты – мемлекеттік және ана тілдерін сапалы оқытуға жағдай жасау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Жобаға байланысты бағалық ұсынысты, өтінімді көрсетілген мекенжайға алып келуге немесе электронды адрес арқылы жолдауға болады.
Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.
Мемлекеттік және ана тілдерді оқытуға, насихаттауға арналған өнімдер дайындау және ұсыну бойынша өтінімдерді қабылдау: 2019 жылдың 9 тамызына (сағат 18:00) дейін.
Байқауды ұйымдастырушыға келесі көрсетілген ақпарат берілуі тиіс:
-Байқауға қатысушының атауы мен байланыс ақпараты;
-Байқауға байланысты бағалық ұсыныс;
-Толық толтырылған өтінім.
Сараптамалық кеңестің отырысы 2019 жылғы 12 тамызда сағат 16.00-де «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ-ның конференц-залында өтеді (Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі 25, 2-қабат) (Байқауға өнім берушілер кеңес отырысына қатыспайды).
Ескерту!
Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған материалдар сараптамалық кеңестің талдауына жіберілмейді. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.
Сұрақтар бойынша 8 (7172) 27-30-43 (Редакциялық-баспа басқармасы) нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.
