Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Салалық терминдерге байланысты онлайн-конференция өтеді

16.9.2019 2109

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2019 жылғы 20 қыркүйекте termincom.kz сайтындағы электрондық алаңда онлайн-конференция өткізіп, «Салалық терминологиядағы шеттілдік сөздердің қолданысы» тақырыбы талқыланады.

Тіл өз қызметі аясында үздіксіз дамиды жəне даму барысында көптеген өзгерістерге ұшырайды. Бұл – тілдік құбылыс. Басқа тілден енген терминдердің тіліміздегі қолданысы бүгінгі терминологияның өзекті мәселесі болып саналады. Кірме терминдер қабылдаушы тілдің заңдылықтары əсерінен фонетикалық, грамматикалық жəне семантикалық жағынан өзгерістерге ұшырайды. Кейбір терминдер тілімізге толығымен сіңіп кетсе, енді бірі төлтума тілдегі қалпын сақтап қалады. Дегенмен, шеттілдік терминдерді бірізге түсіру, қазақ тілінің фоно-морфологиялық ерекшеліктеріне сәйкес икемдеп қабылдау бүгінгі күннің еншісінде.

Белгілі лингвист-ғалымдар қатысатын бұл онлайн-семинарда салалық терминологиядағы шеттілдік терминдердің табиғаты мен ерекшеліктерін, қызметі мен қолданысын талқылау көзделіп отыр.

Тermincom.kz сайтының барша тіркелушілерін, тіл жанашырларын аталған сайтта өтетін онлайн-конференцияға қатысуға шақырамыз. Басталуы: сағат 15.00.

Байланыс телефоны: 8(7172) 27-30-42, 8775-541-09-89.


Тегтер: терминком, termincom.kz, конференция, алаң
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ