Тұңғыш рет тіл форумы өтеді
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп республикалық тіл форумын өткізеді.
Тіл форумы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауын іске асыру мақсатында ұйымдастырылады.
Форумға Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары, мемлекеттік орган, ұлттық компания басшылары, зиялы қауым өкілдері және білім, ғылым, бизнес, БАҚ т.б. сала мамандары мен еліміздің әр өңірінен 250-ге жуық өкіл қатысады деп күтілуде.
Форумда Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің профессоры, саясаттану ғылымдарының докторы Амангелді Айталы, Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл тілдік жаңғыру, ұлттық бірегейлік тұрғысында сөз сөйлейді.
Сонымен қатар жаңа әліпби мен қазақ тілін оңай әрі тиімді жолмен үйрететін заманауи интерактивті құралдардың көрмесі өтеді.
Форумның секция жұмыстары мынадай бағыттарды қамтиды:
- Ғылым, білім және тіл
- бизнес және тіл
- Заң және тіл
- БАҚ және тіл
- Мемлекеттік тіл болашағы – жастар болашағы
- Өңірлердегі тілдік ахуалды талдау.
Форум нәтижесінде жаңа әліпби емлесіне қатысты жұрт көкейінде жүрген сауалдарға нақты жауап беріледі, мемлекеттік тілдің заңнамасын жетілдіру, бизнес, ғылым, білім, БАҚ-тағы қазақ тілінің қолданысын кеңейтуге қатысты нақты ұсыныстарға сәйкес қарар қабылданады. Қарар «Тіл-Қазына» орталығының ресми сайтында, БАҚ-та жарияланады.
Байланыс телефондары:
27-71-38, 27-30-43, 27-31-32
Эл.пошта: tilalemi.kz@gmail.com
