«Тіл-Қазына» орталығы қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысты
Еске салсақ, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус инфекциясының пандемиясын жариялады. Келесі күні Қазақстан Үкіметі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим мен оған қатысты арнайы шаралардың енгізілгені туралы хабарлады. Ал 15 наурызда Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» ЖАРЛЫҚ енгізді. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа қазақ әліпбиін жетілдіру жөнінде тапсырмасына сай жоспарланған жұмыстар қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауыстырылды.
Жаңа әліпбиді жетілдіру жөніндегі жұмыстардың атқарылу тәртібі:
* Жаңа әліпбиді жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сай атқарылған жұмыстар мен жаңалықтар https://tilalemi.kz/ сайтында жарияланады.
* Байқаулар: 1. Латын әліпбиін және емле ережелерін түсіндіру мақсатында бейнероликтер әзірлеу;
2. Мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған балаларға арналған анимациялық фильм әзірлеу бағыттары бойынша өтінімдер tilalemi.kz@gmail.com электронды адресінде қабылданады.
* Барлық жұмыс жиналыстар онлайн режимге ауысты.
Бұдан бөлек, штаб күнделікті негізде жаңа әліпбиді жетілдіруге қатысты ағымдағы ситуация жайында ақпараттандыратын болады. Ақпаратты https://tilalemi.kz/, https://www.qazlatyn.kz/ сайтынан, әлеуметтік желілерде Facebook және Instagram парақшасынан табуға болады.
Сонымен қатар 87172 27-71-38, 8775 759 87 18 нөмірлері арқылы толық ақпарат алуға болады.
