Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Мақала жазып, қаламақы ал!

9.4.2020 6314
"Тіл-Қазына" орталығы карантин кезінде қазақ тілін дамытудың өзекті мәселелеріне арналған ғылыми-публицистикалық мақала жазып, мемлекеттік тілдің қолданылым аясын кеңейтуге күш салуға шақырады. Себебі тіл жалпы ұлтқа ортақ қазына. Ал оның түйіткілі мен күрмеуі тарқамаған кемшін түсін түзету ортақ міндет.

«Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында «Тіл және қоғам» электрондық альманағы, «Терминологиялық хабаршы» және «Ономастикалық хабаршы» электрондық бюллетендері әзірленеді. Мемлекеттік тілдің маңызды салаларын қамтитын басылымдардың сапасын арттыру мақсатында редакция қаламақысын төлей отырып, мақала қабылдайды.


ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
    • Ұсынылған мақалалар бұдан бұрын жарияланбаған болуы тиіс;
    • Мақала мәтіні Microsoft Word редакторында жазылған, шрифт Times New Roman, өлшемі 14 пт, аралық 1, өрістер - барлық жерде 2 см;
    • Мақаланың көлемі 5-7 бет;
    • Мақала атауы бас әріптермен, автор туралы толық деректер курсивпен (аты-жөні, жұмыс орны, ғылыми дәрежесіғ суреті) жазылады;
    • Пайдаланылған әдебиеттерге қойылған сілтемелер нөмірі мен беті тік жақшамен көрсетіледі [1, 15];
    • Мақалалар Tilqogam@gmail.com электронды поштасы арқылы 2020 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады.


МАҚАЛАЛАРДЫ ЖАРИЯЛАУ

  • Электрондық журналдарға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;
  • Жарияланған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
  • Электрондыжурналдар «Tilalemi.kz», «Termincom.kz» және «Atau.kz» сайттарында орналастырылады.


Жалпы ереже сілтемеде https://drive.google.com/open?id=1L6HfdEdlovNp6BZo... толық берілген.


Байланыс телефоны: 8 (7172) 27-30-43, 8-701-109-76-14

Тегтер:
Авторы: "Тіл әлемі" ақпарат

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ