Үкіметтік емес ұйымдар арасында қазақ тілін оқыту курсы өтеді
Шараның мақсаты: үкіметтік емес ұйымдар арасында мемлекеттік тілді дамыту, ҮЕҰ қызметінде мемлекеттік тілдің маңыздылығын арттыру.
Шара елдің 6 өңірінде Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары және Алматы қаласында өткізіледі. Онда мынандай мәселелер қамтылады: ҮЕҰ өкілдері үшін конкурстық өтінімдерді, жобаларды мемлекеттік тілде жазу бойынша өңірлік оқыту іс-шараларын ұйымдастыру, SMM арқылы мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту, ҮЕҰ әлеуетін арттыру бойынша мемлекеттік тілде әдістемелік құралдарды дайындау және тарату.
Білікті мамандар сабақ беретін болады. Олар: Айтмағанбетова Шырын Әбдіғалиқызы - КИМЭП оқытушысы, Іскерлік әкімшілдік магистрі (MBA), жаттықтырушы, Әбутәліп Орынғазы Мұратұлы- филология ғылымдарының кандидаты, іс-қағаздарына қатысты бірнеше кітаптың авторы, Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы - филология ғылымдарының кандидаты, Мемлекеттік тілді дамыту институтының атқарушы директоры.
Курсқа Қазақстанның 6 өңірінен 300 дей адамды қамту көзделіп отыр. Онлайн курс 28 сәуір күні өткізіледі. Курс аяқталғаннан кейін сертификат тапсырылады.
