Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Сүйрік деген не?

11.11.2021 5881
  • СҮЙРІК — зат. 1. Сулы жерде өсетін өсімдіктердің қамыс, борық т.б. ұзын, жұмсақ, әрі тәтті ақ тамыры.
  • Қоғаның су түбінде ақ сүйрігі қылтиып көрініп тұрады (Ө. Қанахин, Жер бас.).

    Қамыс тамыры сүйрік деп аталатын майқоғаны да жеген (Д.Қатран, Қазақ. ас-тағам.).

    «Ел үшін өл. Ел үшін...» – Өмірді аяп не етейін! Сүйріктен сұлу саусағың, Мен садаға кетейін! (М.Жұмабаев, Шығ.).


    2. Өсімдіктің жаңадан өніп шыққан көгі.

    Қол қанатым құйрығым

    Судан шыққан сүйрігім,

    Суырып озған жүйрігім (Қыз Жібек).

    Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том.


  • СҮЙРІК — бекіре тұқымдастарының ішіндегі бірден-бір тұщы су балығы.
  • Оны Каспий, Азов, Қара, Ақ, Баренц және Карск теңіздерінен, сондай-ақ Батыс Сібір өзендерінен аулайды. Орташа салмағы 250-800 г.

    Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қоғамдық тамақтандыру.


  • СҮЙРІКТЕЙ — сын. Жіп-жіңішке, сұлу, әдемі.
  • Табиғат Рахимаға жіп-жіңішке, ұп-ұзын, ақ, сүйріктей саусақтар берген екен (С.Мұқанов, Есею жыл.).

    Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 13-том.


    Ақпарат sozdikqor.kz сайтынан алынды.

    Тегтер:
    Авторы:

    Сондай-ақ, оқи отырыңыз

    634 Ақпарат

    ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

    828 Ақпарат

    МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

    914 Ақпарат

    «ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ