Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ДӘРІС БЕРУ ЖАЛҒАСУДА

23.5.2022 931
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, бекітілген кестеге сәйкес, қазақ тілін үйретуге және насихаттауға арналған ІТ жобалармен таныстыру жұмыстарын одан әрі жалғастыруда. Бұл жолғы дәріс Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінде өтті.

Жалпы «технология» сөзін латыншадан аударғанда, «tehne» өнер және «логос» ғылым дегенді білдіреді екен. Тәжірибе көрсетіп жүргеніндей, мемлекеттік тілге деген қызығушылықты арттыру үшін жаңа технологиялық жобалардың өзіндік ерекшелігі жеткілікті, әрі тіл үйренушілер жеңіл қабылдайды. Әсерлі әңгімеден кейін мұны министрлік қызметкерлері қуаттады.

«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі. Тәуелсіздіктің арқасында қазақ тілінің мәртебесі жоғарылап, ана тіліміздің еркін дамуына жол ашылды. Қоғамдағы мемлекеттік тілге деген қажеттіліктің артуы, оның қолданылу аясының кеңеюі оқыту мен үйрету әдістемелерін жақсартуды, оқытудың жаңа технологияларын қолдануды қажет етеді. Осы орайда біз тіл үйренушілерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, тиімді әдістемелік тәжірибелерді кеңінен таратып келеміз. Мына жобалар бұл бағыттағы жұмыстардың тиімділігі мен сапасын арттырады», деді тіл үйренушілермен жүздескен Әдістеме басқармасының ғылыми қызметкері, «Абай институты» платформасының координаторы Айгүл Әділбекқызы.

Тегтер: ІТ жобалар одан әрі таныстырылуда, энергетика министрлігі
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ