АКАДЕМИКТІ АСҚАРАЛЫ ЖАСЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі зор.
Министрдің Құттықтау хатында былай делінген:
«Сіздің саналы өміріңіз ардақты мамандық ұстаздық пен ақыл-ойдың қазынасы – ғылымға арналып, қатардағы оқытушыдан академикке дейінгі белестерді бағындырдыңыз.
Еліміздің жетекші оқу орындарында ұрпаққа тәрие мен білім дарытып, көптің үлкен құрметіне бөлендіңіз. Білім және ғылым министрлігінде департамент басшысы ретінде кәсіби білікті мамандарды дайындауға зор үлес қостыңыз.
Қарымды ғалым ретінде атқарған жұмыстарыңыз ғылыми жұртшылыққа жақсы таныс. Сіздің ғылыми және әдістемелік еңбектеріңіз білім алушылар мен мамандардың қажетіне жарауда».
