ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ ҰЛЫ ІСІ СӨЗ БОЛДЫ
Ахмет Байтұрсынұлы үш құпия кілтін дөп тапқан.
Біріншісі, бір дыбысқа бір таңба беру мәселесі; екііншісі, қазақ жазуында үндесім заңдылығы шешуші рөл атқарады деген тұжырым; үшіншісі, қазақ жазуы дыбыс жүйелі болуы керек екендігі», – деп ой түйді дәріскер.
Осы бағытта өрбіген терең мазмұнды әңгіменің қаншалықты тартымды, баршаға ой саларлықтай болғанын Түрік тіл қоғамының мүшесі, профессор Хулия Касапоғлының мына сөзі бекіте түсетін секілді: «Қаламқастың үлкен ізденістермен жасаған ғылыми баяндамасы бір ғана қазақ ғылымы үшін емес, күллі түркі дүниесіне қажет мәселе. Болашақтың бірігіп ақылдасар шаруасы әлі көп екенін тағы бір еске салды».
