БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ЕКІГЕ БӨЛІНДІ
саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырылсын.
Сондай-ақ, мемлекеттік органдар берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқорлары болып белгіленетіні айтылған.
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органның штат санын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісім бойынша қайта бөлуді;
2) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін, — делінген Ақорда сайтында.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
