Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Шымкенттіктердің 91 пайызы мемлекеттік тілде сөйлейді

30.9.2016 2817
Еліміз бүгінде түрлі этностың тілі мен салт-дәстүрінің сақталуымен ерекшеленетін достық пен бірліктің мекеніне айналып отыр. Қазақылықтың қаймағы тұнған оңтүстік өңірде барлық этнос өкілдері бас қосқан. Олар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге де айрықша үлес қосуда. Өз кезегінде олардың тілі мен мәдениетін дамытуға да лайықты жағдай жасалған. Этностардың тілі мен салт-дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Бүгінде 20 этномәдени бірлестіктің 11-інің жанында жексенбілік мектептер бар.


Жалпы облыста мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар үлесі 91 пайызға, ал орыс тілін меңгергендер – 62,5 пайызға, ағылшын тілін меңгергендер – 8 пайызға жетіп отыр. Сондай-ақ, облыс аумағында тілдерді ақысыз үйрететін 14 оқу орталығы жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Бүгінде оларда 4 мыңға жуық тіл үйренуші тілдерді оқып, үйренуде.

Жуырда Шымкент қаласындағы облыстық орыс драма театрында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында «Мәңгілік елдің мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков барша облыс тұрғындарын тіл мерекесімен құттықтады.

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары тілдерді қолдану мен дамытуға үлес қосқан 20 азаматты облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттаса, 11 тіл жанашыры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің, «Нұр Отан» партиясы мен облыстық мәслихаттың арнайы Алғыс хатына ие болды.

Мерекелік шараны шымқала тұрғындары нағыз думанға айналдырды. Аудан, қала өнерпаздары мен этнос өкілдері ән мен жырдан шашу шашып, би билеп, тілді ұлықтауға арналған жиынның шырайын келтіре түсті.

Тегтер: мемлекеттік тіл, облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, мәңгілік тіл
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ