ЭКСПЕДИЦИЯ: АХАҢ ЖҮРІП ӨТКЕН ЖОЛМЕН
Нұр-Сұлтан қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен басталған қасиетті сапардың бағыты Нұр-Сұлтан – Әулиекөл – Қостанай – Арқалық – Бидайық – Торғай – Ақкөл – Арқалық – Нұр-Сұлтан. Экспедиция 17 қыркүйекке дейін жалғасады.
Алдағы уақытта экспедиция құрамында жолға шыққан әріптесіміз, Редакциялық баспа басқармасының басшысы Дәулеткерей Атауұлы арқылы сапар барысын баяндап отыратын боламыз.
