МӘРЕГЕ ТАЯУ ҚАЛДЫ

«Өңірлерден үздік шыққан өзге этнос өкілдері арасынан 12 адам қатыспақшы. Бұл сайыстың атап өтпеуге болмайтын басты екі ерекшелігі бар. Біріншісі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналып отыр. Бұл – үлкен бақыт. Қатысушылар жүрек толқынысымен қабылдап жатыр. Екіншісі, дода тарихында алғаш рет денсаулық сақтау саласында қызмет жасайтын, немесе сол мамандыққа оқып жатқан отандастарымыз бағын сынайды. Баршамызға белгілі, медицина саласы тұрғындардың ең жиі баратын орны. Қазақ тілін білгені өз алдына, бұдан басқа халқымыздың мақал-мәтелін жатқа білетін, салт-дәстүрін сыйлайтын адамдардың жүргені көңіл қуантады»,– дейді Орталық атқарушыдиректорының орынбасары Лиза Қожаққызы.
Кездесу барысында ұйымдастыру мәселелері сөз болды.
Байқау 14 қазан күні Қарағанды қаласында өтеді.
