Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҰЛТ ҰСТАЗЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

28.10.2022 931
Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған мемлекеттік комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында бірнеше облыс әкімі мен мемлекеттік органдардың басшылары мерейтой аясында атқарылып жатқан ғылыми-зерттеу, ағартушылық, мәдени-бұқаралық бағыттағы жұмыстар жайында баяндады.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлығы тағайындалғанын атап өтті. ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде өткен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция аясында қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде шыққан «Ахмет Байтұрсынұлы. Таңдамалы шығармалары» кітабының тұсауы кесілді. Сонымен қатар биыл ТҮРКСОЙ ұйымы халықаралық деңгейдегі ғалымдар мен зерттеушілерге жыл сайын Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгі тағайындалғанын және Алматы қаласында ұлт ұстазының ескерткіші ашылатынын жеткізді.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов Ахмет Байтұрсынұлы туралы түсіріліп жатқан «Соңғы үкім» киножобасы жыл аяғына дейін аяқталатынын, желтоқсан айында мерейтойға арналған республикалық айтыс өткізілетінін хабарлады.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Торғай өңірінде Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының ескерткіші ашылғанына, өңірдегі Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби мұражайына абаттандыру жұмыстары жүргізілгеніне тоқталды.

Отырысты қорытындылай келе, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын насихаттауға бағытталған іс-шараларды жыл соңына дейін жоғары деңгейде өткізу қажет екеніне назар аударды. Сондай-ақ Түркістан қаласында Халықаралық түркітанушылар конгресін ұйымдастыруды, ұлт ұстазының 12 томдық шығармаларының жинағын шығаруды, «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісін дайындау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Тегтер: Ахмет Байтұрсынұлы 150 жыл
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ