Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Қазақ тілін 137 сөзбен-ақ түсініп, сөйлеуге болады - Е.Тілешов

3.10.2016 12980
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы тілдері фестивалі аясында өткізілген іс-шаралар және атқарылып жатқан жұмыстар жайлы ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тлешов сөз қозғады.

Өз сөзінде қазіргі күні мемлекеттік тілді үйрету, насихаттау бойынша портал, сайттардың іске қосылып, қоғам игілігіне пайдалануға берілгендігі жөнінде хабарлады. Және де аталған портал, сайттардың жұмысын көпшілікке қолжетімді ету мақсатында мобильді қосымшаларының да әзірленгендігін және жылдам жүктеу жүйесінің де жұмыс жасап жатқандығын атап өтті.

- Қазақ тілінің әдістеме саласына келер болсақ, қазіргі таңда Орталық әдіскерлері мен мамандары Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен «Қазақ тілін модельдер арқылы оқытудың мультимедиалық нұсқасын» және «Қазақ сөзі» оқу-әдістемелік құралын әзірлеп жатыр. Бұл әдістемеде тіл үйретуге қажетті сөздер сұрыпталып, күнделікті қолданылатын сөздердің минимумы алынды. Оның өзін белгілі бір деңгейге бөліп қарастырамыз. Алғашқы қазақ тілінің 137 сөзін білсеңіз, осы тілді түсініп, өзара қарым-қатынас орната аласыз. Біз сөздердің күнделікті қолданылу жиілігіне қарай, 137 сөзді таңдап, бастапқы деңгейге оқу-әдістемелік құрал шығардық. Ендігі кезекте осы құралдың жалғасы ретінде 500 сөзге құрастырылған оқулықты әзірлеп жатырмыз, -деді Е.Тілешов.

Тегтер: Қазақ сөзі, қазақ тілін модельдер арқылы оқыту
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ