ОРЫНБОРДАН ОРАЛДЫ

Тілдерді оқыту орталығы бұл басқосуға құрқол барған жоқ, ана тілін үйренемін деген ынталы жастар мен жалпы азаматтар үшін 500 дана қазақ тілі оқулықтары, әдістемелік құралдар, сөздіктер және тіл үйретуге арналған СD электрондық құралдарды сыйға тартты. Мұндай көл-көсір тарту-таралғыны Орынбор қаласындағы Х.Ямашев атындағы кітапхана қабылдап алды.
Қандастарымыз елге деген сағыныштарын, жылы лебіздерін жеткізді.
Форум соңы «Газовик» мәдениет сарайында өткен мерейтойлық концертке ұласты.
