Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Кереку жерінде мүшәйра өткізілді

4.10.2016 3043
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Павлодар қаласында «Батыр – ел қорғаны!» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өткізілді. Конкурсты облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырды. Конкурстың басты мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жас ақындарды іздеп табу және қолдау.

Байқауға қала, аудандардан 16-25 жас аралығындағы 20-дан астам талапкерлер қатысып, олардың 15-і келесі кезеңге өтті. Әділқазылар алқасы қатысушыларды конкурстың ережесінде жазылған талаптарға сәйкес іріктеді.

Үміткерлердің шығармаларына туған жердің әсемдігі, еліміздің тәуелсіздігі және Қазақстан халқының бірлігі мен достығы арқау болды.

Бәйгеде С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің 2-курс студенті Ахмади Ахмет өз қарсыластарынан оқ бойы озып, І орынды иеленді. ІІ орынға Ақсу қаласы, Үштерек жалпы орта білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Батырбек Мақсатхан, ІІІ орынға Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ интернатының оқушысы Архат Әлібек ие болды. Қатысушылар көрермендердің көңілінен шыға білді. Жас ақындардан патриоттық сезім және шығармаларынан Отанға деген адалдық байқалады.

Тегтер: мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мүшәйра, тіл мәдениетін көтеру
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ