Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСШАРАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ

5.12.2022 860
2022 жылғы 2-3 желтоқсан күндері Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым мамандары Измир қаласында (Түркия) өткен «Uluslararası Türk dünyası sosyal bilimler sempozyumu» атты симпозиум мен Үндістанның Бомбей қаласында ұйымдастырылған «The South Asian Forum on the Acquisition and Processing of Language» форумына онлайн қатысты. Түриядағы дүниежүзілік ғылыми ісшарада қауымдастырылған профессор Н.Айтова «Қазақ тілінің ұлттық корпусын әзірлеу жобасы: ғылыми-теориялық негіздері және қолданбалы сипаты» («Development Project of the National Corpus of the Kazakh Language: Scientific and Theoretical Foundations and Applied Features») тақырыбында баяндама жасап, халықаралық симпозиумға қатысушылармен қазақ тілінің ұлттық корпусының ішкорпустарын жасау барысындағы тәжірибелерімен бөлісті, жалпы қазақстандық корпустар туралы мәлімет берді.

Ал докторант Дана Оспанова «Түрік тілдеріндегі эмоцияларды білдіру ерекшеліктері:эмоционалды валенттілік және параметрлері» («Features of the Expression of Emotions in Turkish Languages:Emotional Valence and Parameters») тақырыбында түрік тілінде сөз қозғап, қазақ тіліндегі жақсы көру сезімдерінің берілу амалдарын салыстырмалы, салғастырмалы аспектіде зерттеу нәтижелерін талқыға ұсынды.

Үндістандағы форум SAFAL тарапынан үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Тілді өңдеу және қолдану бойынша форумда Prof. Shruti Sircar «Sentence processing in languages with flexible word order» («Икемді сөз тәртібі бар тілдердегі сөйлемдерді өңдеу») тақырыбында, Канададан Aaditya Kulkarni мен Christopher Hammerly «Morphological Markedness and Null Case-Morphology: Processing Agreement in Marathi» («Морфологиялық таңбалау және нөлдік Регистр-Морфология: Маратхи өңдеу жүйесі»), Анна М. Мэттью «Computation of Case in compound light verb constructions: Insights from Hindi» («Негізгі етістіктердің күрделі құрылымдануы жағдайын есептеу (хинди тілі негізінде)»), Георгия университеті профессоры Dustin Chacon «m/EEG көмегімен зерттеулерді электрлендіру» (әдістер бойынша семинар), Лос-Анжелестегі Калифорния университетінің профессоры Меgha Sundara «Keynote 2 - How infants learn English: From phonotactics, through morphology, to phonemes» («Лейтмотив 2 - Сәбилер ағылшын тілін қалай үйренеді: фонотактикадан морфология арқылы фонемаларға дейін») , M.K. Niharika мен K.S. Prema «Neural attributes of sentence processing in Kannada: An event-related potential study» («Канададағы сөйлемді өңдеудің нейрондық атрибуттары: оқиғаларға байланысты әлеуетті зерттеу») т.б. тақырыптарда ғылыми зерттеу жобаларының нәтижелерін таныстырды.

Форумға корпус әзірлеу жұмыс тобының мүшелері Н.Айтова, М.Бақытқызы, С.Сапина, Д.Оспанова қатысты.

Тегтер: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ІСШАРА
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ