Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ

6.12.2022 1269
2022 жылғы 6 желтоқсан күні Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Редакциялық баспа басқармасының басшысы Д.Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде өткен «Ұлттың ұлы ұстазы» дөңгелек үстелге қатысып, келелі басқосудың мазмұнына сай «Ахмет Байтұрсынұлы және мәдениет» деген тақырыпта баяндама жасады. Ұлы тұлғаның 150 жылдығы аясында жарық көрген қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жарық көрген таңдамалы шығармаларын Орталықтың атынан музейге тарту етті. Ісшараны ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Назгүл Қадрымбетова құттықтау сөз сөйлеп ашты. Отырыс көрігі салған беттен қызып сала берді.

Ақын Бақытжан Тобаяқов «Алаш қайраткерлерінің ақындық сипаты» туралы шабыттана сөз қылса, танымал суретші-кескіндемеші Алмас Сырғабаев «Сурет тақырыбындағы алаш қайраткерлерінің бейнеленуі» жөнінде қызықты ой қозғады.

Сценарист-оқытушы, белгілі ақын Ұларбек Нұрғалым ұлт ұстазы туралы түсірілген тұңғыш сериал тарихы жөнінде ой жалғап, жақсы естеліктер айтып берді. Ақын Ұларбек Дәлейдің Алаш ақындары хақында айтқан әсерлі әңгімесі тыңдаушы жүрегіне жол тартқаны анық.

Астанадағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейіндегі ұлт ұстазы мұражайының жетекшісі Алтынгүл Момынқұлова ұрпақ тәрбиесіндегі Алаш қайраткерлерінің тағылымы туралы ойымен бөлісті.


Тегтер: ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ