Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА КЕЛДІ

9.12.2022 1444
2022 жылғы 9 желтоқсан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Құқықтық және кадр жұмысы басқармасының басшысы Г.Омарова тілтанушы ғалым Бижомарт Сейсенбекұлы ҚАПАЛБЕКТІҢ 60 жасқа толуына орайластырылған «Мемлекеттік тілдің зерттелуі, оқытылуы және қолданылуы» республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып, мерейтой иесін құттықтады. Орталықтың Бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов қол қойған Құттықтау хатта былай делінген:

«Құрметті Бижомарт Сейсенбекұлы! Әлбетте, қандай ортада болсын мейлі, адамның айналасына әрдайым абыройлы болуы, бірінші кезекте, оның биік болмысы мен тұлғалық қасиетінен хабар береді. Осы орайда, Сіз қасиетті қазақ тілінің туын биік ұстап жүрген ғалым, елімізге танымал қайраткер ретінде көпшіліктің ыстық ілтипатына бөленудесіз. Әсіресе, біздің ұжымды басқарған жылдарыңызда білікті басшы, тәжірибелі ұйымдастырушы ретінде кеңінен танылдыңыз. Жасыңыз құтты болып, жаңа жетістіктерге жете беріңіз!».

«Qazaq tili» Халықаралық академиясы және Мемлекеттік тілді дамыту институты ұйымдастырған ісшарада Бижомарт Қапалбектің «Ойлар*Ұсыныстар*Тұжырымдар» кітабының тұсауы кесілді.

Тегтер: АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА КЕЛДІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ