Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

15.12.2022 947
2022 жылғы 15 желтоқсан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Л.Есбосынова ұжымды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап көрсеткендей, Тәуелсіздік күні – бар ғұмырын бостандық үшін күреске арнаған боздақтардың жанкешті еңбегі мен ерен ерлігін еске алатын қастерлі мереке. Францияның атақты ойшылы Дени Дидроның айтуынша, азаттыққа жансыз нәрселер де ұмтылады екен. Аға ұрпақ жақсы біледі, өткен ғасырдың жетпісінші жылдары Африка елдері жаппай азаттыққа ие болды. Бүгінгі күні солардың бәрі бірдей өз алдына дербес мемлекет болып кете алмады. Яғни, егемендік алу бар да, Тәуелсіз ел болу ол бөлек әңгіме.

Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы ата-бабамыздың арманына соңғы нүкте қойылса, сол сәттен бастап мемлекеттілікті баянды ету, азат ел ретінде өмір сүру басталады. Әрі қарай күн сайын күресуіміз керек.

Біздің маңдайымызға осы бақыт бұйырған.

Тегтер: МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ