Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

БҮГІН – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІ

21.2.2023 935

ЮНЕСКО-ның Бас Конференциясы 30-шы сессиясының шешімімен 1999 жылғы 17 қарашада бұл күнді бір ауыздан бекітті. Бұл тарихи оқиғаны шығыс Пәкістанның (1971 жылдан бастап Бангладеш) Дакка қаласында 1952 жылдың 21 ақпанында болған шерумен байланыстыруға әбден болады. Олай дейтініміз, өздерінің ана тілі – бенгал тілін қорғау үшін елдегі ресми мемлекеттік тілдің бірі ретінде тануын талап еткен пәкістандық студенттерге қатаң жаза қолданылған. Сол қанды оқиғаны еске алу күні ретінде Бангладеште әлі күнге дейін аталып өтіледі.

2000 жылғы 21 ақпаннан бастап, дүние жүзінде тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтілуде.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы ескерткендей, «Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады».

Ана тілімізге құрметпен қарайық!

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!

Мереке құтты болсын!!!

Тегтер: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АНА ТІЛІ КҮНІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ