Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТІЛ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНУДЕ

22.2.2023 1233

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы Алматы қаласында өтті.
Жиынның басты мақсаты: Тұжырымдама жобасын қоғаммен, ғалымдармен талқылап, мүдделі мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен келісу.
Жиынға қатысқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары Г. Ходжабергенова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ҰҒПО бас директоры Е. Тлешов Тұжырымдаманың негізгі идеясымен, құрылымы және бағыттарымен таныстырды.

Жобаны талқылауға Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ғалымдары қатысып, өздерінің маңызды ұсыныстарымен бөлісті.
Жалпы Тұжырымдама жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибелер зерделеніп, алғышарттар белгіленгенін, жаңа жобалар, атап айтқанда тілді цифрландыру, тілді меңгерудің жаңа әдістері және т.б. қарастырылғанын атап өткен жөн.

https://www.instagram.com/p/Co7CZIDrkIl/

Тегтер: ТІЛ САЯСАТЫ МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТҰЖЫРЫМДАМА ӘЗІРЛЕНУДЕ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ