Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

23.2.2023 941

2023 жылғы 21-22 ақпан күндері Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Е.Тілешов Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті және Алматы облысының әкімдігі ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» республикалық форумына қатысты.

Қонаев қаласындағы бұл келелі бас қосуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыра отырып, тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түріне табанды қарсы тұруды, оның алдын алу және болдырмауды, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыруды жүзеге асыру мәселелері сөз болды.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, Жоғарғы сот, Бас прокуратура, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының өкілдері, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің тілдерді дамыту мәселесіне жауапты басшылары, Алматы облыстық тілдерді оқыту орталықтарының директорлары мен оқытушылары, полиция департаменті, ішкі саясат, қоғамдық даму, білім, мәдениет басқармаларының басшылары, жалпы өңірдің тіл жанашырлары қатысты.

Форумға қатысушылар «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2028 жылдарға арналған Тұжырымдаманың» жобасымен танысып, талқылады.

Тегтер: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМ ӨТТІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ