Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСТЫ

23.2.2023 935

2023 жылғы 23 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлназ Төкенқызы Қарағанды қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен «Ахмет Байтұрсынұлының ұлағатты ісі – ұлтқа тағылым» атты аймақтық конференция жұмысына онлайн режімде қатысып, баяндама жасады.

Келелі бас қосуда ұлт ұстазының оқу-ағарту саласындағы, сондай-ақ қоғам қайраткері ретіндегі сіңірген еңбектері мен оның шығармашылығын оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер туралы, жалпы Ахаңның ақындық және аудармашылық мұралары жөнінде кеңінен сөз болды.

«Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі, әдебиеттану сияқты жеке ғылым салаларының ғылыми терминологиясының негізін қалаған ғалым, қоғамдық парызын атқаруда жанкештілік танытқан қайталанбас бірегей тұлға. Оны оқып-білу – бүгінгі жастарымыз үшін үлкен тағылым»,– дейді ғалым.


Тегтер: АЙМАҚТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ