Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

БЕЙБАРЫС АТЫ – АСТАНА КӨШЕСІНДЕ

24.2.2023 1202

2023 жылғы 24 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, Астана қалалық ономастика комиссиясының мүшесі Е.Тілешов әлемге танымал қолбасшы, сұңғыла саясаткер Бейбарыс есімінің Астана қаласы көшесінің біріне берілуімен байланысты салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.

Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының даңқты перзенті Бейбарыс Сұлтанның туғанына биыл 800 жыл толып отыр. Осы айтулы датамен байланысты елімізде жыл соңына дейін әртүрлі деңгейдегі 600 шара жоспарланыпты.

Қасиетті жұма күні ашылған бұл шара – сол үлкен істің ізашары ғана.

«Тұлғаларға тағзым – тарих тағылымы. Бұл көше – ұзындығы екі шақырымнан асатын, алты жолақты, кең, қалада халық ең көп қатынайтын көшелердің бірі. Сондықтан, бабамыздың аты енді күн сайын адамдардың аузынан түспейтін болады», – дейді Ербол Ердембекұлы.

Өмір бойы жусанның исін аңсап өткен айбарлы да аяулы тұлғаның есімі жусанды дала төсіне көше болып оралғаны жиналған көпшіліктің көңілін толқытқаны рас. Асқақ рухқа бөленген жұртшылық аязды күн мен өткір өкпек желге қарамастан, қимастық сезіммен көпке дейін тарқамай тұрды.

Тегтер: БЕЙБАРЫС АТЫ – АСТАНА КӨШЕСІНДЕ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ