Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

СӨЗ КИЕСІН АСЫРҒАН КЕШТІ ТАМАШАЛАДЫ

28.2.2023 841

2023 жылғы 28 ақпан күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры, белгілі ғалым Е.Тілешов өзінің ерекше терең ізденістерімен қазақ әдебиетіне жаңа леп әкелген талантты ақын Светқали Нұржанның шығармашылық кешіне ұжым мүшелерін бастап барды.

Ана тіліміздің қадір-қасиеті мен ұлттық рух төңірегінде ой білдірген толғауы тоқсан бас қосу Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Кәусар» рухани бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Көзі қарақты оқырман қауымға жақсы таныс бұл клубты он жылдан астам уақыт бойы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Кенжеғали Мыржықпаев үзіліссіз жүргізіп келеді.

«Данышпан Мұқтар Әуезов қазақ әдебиеті ғылымында жүрген бір інісіне: «Жылдар жүрсе арымас жегіндісі – еңбек торысы»,– деп баға берген екен. Сол айтқандайын, кәусар бұлақтай жыр әлемінен сусындау күндіз-түні тіл майданында жүрген жандардың жігерін қайрақтай жанып, жаңа ізденістерге құлшындырады. Ақын өлеңдері айрықша қуат беріп, қазақ тілінің соншалықты құдіретіне арқаланып, кәдімгідей шабыттанып қалдық»,– дейді кеш әсерінен қапелімде арыла алмай тұрған әріптестеріміз.

Тегтер: СӨЗ КИЕСІН АСЫРҒАН КЕШТІ ТАМАШАЛАДЫ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

634 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

828 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

914 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ