Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

Әрбір қазақ әлемнің қай бұрышында жүрсе де, ана тілін ұмытпауы тиіс - Толқын Жолдыбайқызы

7.10.2016 3794
Үстіміздегі жылдың 6 қазанында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шет елде тұратын қандастарымыздың арасында "Мәңгілік Ел" патриоттық актісін және 5 институционалдық реформаны насихаттау" жобасы аясында   дөңгелек үстел өтті. 

Дөңгелек үстелді басқарған Дәулеткерей Кәпұлы "Мәңгілік Ел" патриоттық актісі бойынша әңгіме қозғап, шетелден келген қазақтарды және қонақтарды пікір алмасуға шақырды. Аталған жиынның өтуіне мұрындық болып отырған Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті Тіл саясатын талдау және мониторинг басқармасының басшысы Толқын Жолдыбайқызына алғысөз берілді. Толқын ханым тақырыпты толықтай ашып, Мәңгілік Ел болу жолындағы әрбір игі бастамаға қолдау көрсетіп, барша қауымды атсалысуға шақырды:

- Шетелде жүрген қандас бауырларымыз әлемнің қай бұрышында жүрсе де, қай елде қызмет етсе де, өзінің ана тілін, мәдениетін, туған топырағын ұмытпауы тиіс. Ата-бабамыз аманат етіп кеткен киелі жеріміздің, еліміздің өсіп-өркендеуіне Елбасымыздың таңдаулы осы идеясы сүбелі үлес қосатыны сөзсіз. Бүгінгі жалынды жастарымыз - жарқын болашағымыздың кепілі деп білемін. Сондықтан да бұл күнде жасаған әрбір қадамдарыңыз нық, сенімді болуы шарт. Себебі Сіздер Мәңгілік елдің дарынды, талантты ұрпағысыздар. Еліміздің ертеңгі үмітісіздер. Ұлт жоспарының орындалуына, 100 нақты қадамның жүзеге асуына баршамыз бірауыздан атсалысайық.

Тегтер: 100 нақты қадам, Ұлт жоспары, 5 институционалдық реформа
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ