Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

МАҚАЛА ЖАЗ ДА, ҚАЛАМАҚЫ АЛ!

3.4.2023 1070

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Тіл және қоғам» электрондық алманағы мен «Терминологиялық хабаршы» электрондық бюллетеніне мақала жазған авторларға қаламақы төлеп келеді. Бұл, бір жағынан, күрмеуі күрделі мемлекеттік тілдің түйткілді мәселелеріне қалам тартқан авторларды қолдауды көздесе, екіншіден, аталмыш басылымдарға сапалы туынды жариялауға жол ашады.

«Тіл және қоғам», «Терминологиялық хабаршы» басылымдарына Алаш зиялыларының мұралары туралы зерттеу мақалалар мен қазақ тілін оқытудың әдістемесі мәселелері жөніндегі ойтолғамдарды, тіл мен қоғамның байланысы туралы танымдық мақалалар мен терминжасам, т.б. тақырыптарда жазылған ғылыми-публицистикалық мақалалар қабылданады.

Мақала жазып, қаламақы алу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар!

ҰСЫНЫЛАТЫН МАҚАЛАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

  • Электрондық журналдарға редакцияның сараптауынан өткен мақалалар ғана жарияланады;
  • Бұдан бұрын ешқайда жарияланбаған мақала авторларына белгіленген мөлшерде қаламақы төленеді;
  • Электронды журналдар «Tilalemi.kz», «Termincom.kz» сайттарында орналастырылады.

Жалпы ереже сілтемеде толық көрсетілген.

Электронды почта: a.serikbay@tilqazyna.kz

Байланыс телефоны: 8 (7172) 44-19-81, 87029767068

Тегтер: МАҚАЛА ЖАЗ ДА, ҚАЛАМАҚЫ АЛ!
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ