Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ДӘСТҮРЛІ КІТАП КӨРМЕСІ

19.4.2023 1172

2023 жылғы 19 сәуір күні Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас редакторы Серікбай Әбілмәжін іскерлік іс шаралар бағдарламасы аясында «Фолиант» баспасының ұйымдастыруымен өткен «Eurasian Book Fair 2023» кітап көрме-жәрмеңкесінің ашылу салтанатына қатысты.

Шараның басы-қасында болып қайтқан әріптесіміз былай деп ой бөлісті: «Академик Әбдуали Қайдар ағамыз тілдің қоғамдағы өзара байланысы жөнінде айта келіп, оның басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі болса, екінші қызметі – көркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі деп атап көрсетеді. Осы орайда, бұл көрмені тілдің салтанаты деуге болады. Саф ойға малынған сөз мәйегі сөрелерден менмұндалап қол бұлғайды. Сондықтан, қазақ қоғамының қолына қалам ұстаған беткеұстар майталмандарының бәрі осы жерде. Олармен оқырманға ұғынықты форматта түрлі кездесу жоспарланған. Қолтаңба аласың, естелік суретке түсесің. Бұл жерде айта кеткен орынды шығар деп ойлаймын, бажайлап қараған адамға, қазақ оқырманының ана тіліміздегі кітапқа жұмсаған әр тиыны – мемлекеттік тілімізге салынған инвестиция. Бұдан басқа әлемдік әдебиет жауһарларымен танысуға мүмкіндік мол. Жәрмеңке болғасын, жылдар бойы іздеп жүрген жоғыңмен аяқасты қауыша кетуің ғажап емес. Көздің жауын алған жақсы кітап атаулы жағалай самсап тұр».

Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, әлемде жыл сайын екі миллионнан астам кітап жарық көреді екен. Бақса, соның басым көбі ағылшын тілінде болып шықты. Ал, отандық кітап саудасы онша көңіл көншітпейді. Әуелі қазақ қаламгерлерінің әлемдік кітап нарығына қарай бейімделгені жөн. Әсіресе, аудармашылар аздығы, олармен жұмыстың дұрыс жолға қойылмауы бізді әлемге орыс тілінің терезесінен қарауға еріксіз мәжбүрлейді. Осы мақсатта атқарылар жұмысқа сенім артып, көрме жұмысына сәттілік тілейміз.

Шара үш күн бойы жалғасады.

Тегтер: ДӘСТҮРЛІ КІТАП КӨРМЕСІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ