Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

БАС ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

2.5.2023 3020

2023 жылғы 2 мамыр күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының бұйрығымен Мақпал Жұмабай Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» республикалық ұлттық-ғылыми практикалық орталығының Бас директоры болып тағайындалды.

Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов жаңа Бас директорды ұжымға таныстырып, кірісіп жатқан қызметіне табыс тіледі.

Мақпал Құрманжанқызы Жұмабай 1985 жылы 24 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген.

Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясының «Кино және телевизия» фаультетін бітірген. Осы мамандық бойынша ғылым магистрі.

2003-2008 жылдар аралығында республикалық «Ана тілі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы;

2008-2011 жылдары – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Таңғы бағдарламалар бірлестігінің редакторы, шеф-редакторы;

2011-2013 жылдары – «Балапан» телеарнасының шеф-редакторы, продюсері.

2014-2018 жылдары – Қазақстанның ашық кітапханасы www.kitap.kz жобасының жетекшісі.

2018 жылдан бастап «Balapan» телеарнасының директоры болып қызмет атқарып, 2021 жылғы 20 қыркүйектен «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары болды.

2022 жылы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты.

ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі. ҚР Жазушылар Одағының мүшесі.

Тегтер:
Авторы:

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ