Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАРҒА ҚАТЫСТЫ

12.5.2023 934

2023 жылғы 12 мамырда Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Әдістеме басқармасының басшысы, жас ғалым Ж.Искакова «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – қоғамның сұранысын қанағаттандыратын өміршең технология» атты Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған республикалық семинарға қатысты.

Астана қаласының Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында өткен бұл іс-шараның басты мақсаты «қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» армандаған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармаларын терең зерделеп, білім алушылардың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша білім-білік құзыреттіліктерін дамыту нәтижесінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу еді.

Семинар барысында қазақ тілі мен әдебиеті, орыс,ағылшын тілдері, математика, тарих пәндерінен панорамалық сабақтар, 1-4 сыныптар арасында ашық сабақтар, «Үштікодақтың» «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі» атты отбасы тартулары көрермен талқысына ұсынылды.

Ұстаздық қызметінің отыз жылын Алаш зиялыларының білім саласында қалдырған баға жетпес мол мұрасын зерттеуге арнаған, ұлттық құндылықтарды насихаттауда өзіндік қолтаңбасы бар Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының практикалық жетістіктері көрсетілді.

Осы туралы Жазира Мақсұтқызынан сәл түсініктеме беруді сұрағанымызда, төмендегіше жауап алдық: «Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында білім беру саласына енген «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы еліміздің көптеген облыстарына таратылды. «Бейіндік сыныптарға арналған (5-11 сыныптар) қазақ тілінің бағдарламасын» 1997 жылы әдіскер-ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Нұрша Алжанбайқызы құрастырды. Осы бойынша 2000 жылдан бастап он пән бойынша жыл сайын мектепішілік, қалалық, республикалық «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» ауызша командалық олимпиадалар өткізіліп келеді. Күні бүгін еліміздің түкпір-түкпірінен бес мыңдай оқушы қатысқан екен. Алты мыңнан аса мұғалім өз тәжірибесінде қолдануда».

Елорда төріндегі бас қосуға Астана, Алматы қалалары, Қарағанды облысы Балқаш қаласы, Атырау облысы Қызылқоға ауданының білім басқармасы басшылары, мектеп директорлары мен орынбасарлары және мұғалімдер қатысты.

Тегтер: Республикалық семинар
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ