Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде" жобасы қорытындыланады

9.10.2016 3006
Елімізде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен орыстілді азаматтар арасында "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» мемлекеттік тілді насихаттау шаралары өткізілді.

Бүгін бас қаладағы «Дипломат» қонақ үйінде өткізілетін қорытынды брифингке жоба жетекшісі, қоғам қайраткері Д.Көшім, белгілі саясаткерлер А.Сарым, Р.Жұмалы, М. Ахметов, О.Асанғазы және т.б. қатысады. Онда «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» жобасы аясында өткізілген шаралар қорытындыланады.

Жобаның мақсаты -- мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру, орыстілді азаматтарға мемлекеттік тілді насихаттайтын «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» кешенді шараларын өткізу және ұйымдастыру.

Жоба аясында аталған облыстарда үстіміздегі жылдың 15 тамызынан 13 қыркүйекке дейін кездесу, дөңгелек үстел, брифинг түрінде барлығы 34 шара өткізілді. Жобаның жұмыс тобы құрамында белгілі саясаткерлер және қоғам қайраткерлері, жергілікті жерлердегі Тілдерді дамыту және Ішкі саясат басқармаларының басшылары болды. Жобаның барлық шараларына белгілі қоғам қайраткері Дос Көшім жетекшілік етті.

Шаралар Ақтөбе облысының Алға, Мәртөк Хромтау, Мұғалжар, Қарғалы аудандары және Ақтөбе қаласында, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Теректі, Зеленов аудандары және Орал қаласында, Алматы, Астана қалаларында өткізілді.

Аталған шараларға шамамен өңірлерден 1 700-ден астам адам қатысты.

Тегтер: орыстілді азаматтар, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде, Дос Көшім, Оразгүл Асанғазы
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ