Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​«Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде»

14.10.2016 2901
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті ұйымдастыруымен өткізілген бұл жобаға орыстілді азаматтар қатысты.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында және Алматы, Астана қалаларында "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" тақырыбымен мемлекеттік тілді насихаттау шаралары өтті.

Жобаның мақсаты мемлекеттік тілдің қолданыс аясын біркелкілікке жеткізу үшін өңірлік алшақтықтарды еңсеруге басымдық беру. Соның негізінде орыстілді азаматтар арасында мемлекеттік тілді насихаттайтын «Қазақстанның болашағы -- қазақ тілінде» кешенді шаралары ұйымдастырылды.

Жоба аясында аталған облыстарда үстіміздегі жылдың 15 тамызынан 13 қыркүйекке дейін кездесу, дөңгелек үстел, брифинг түрінде барлығы 34 шара өткізілді. Жобаның жұмыс тобы құрамында белгілі саясаткерлер және қоғам қайраткерлері, жергілікті жерлердегі Тілдерді дамыту және Ішкі саясат басқармаларының басшылары қатысты. Жобаның барлық шараларына белгілі қоғам қайраткері Дос Көшім жетекшілік етті.

Шаралар Ақтөбе облысының Алға, Мәртөк Хромтау, Мұғалжар Қарғалы аудандары және Ақтөбе қаласында, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі, Теректі, Зеленов аудандары және Орал қаласында, Алматы, Астана қалаларында өткізілді.

Аталған шараларға шамамен 1 700-ден астам адам қатысты.

Қорытынды брифингке жоба жетекшісі, қоғам қайраткері Дос Көшім, саясаткер Расул Жұмалы, қоғам қайраткері Оразгүл Асанғазы және т.б. қатысып, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» жобасы аясында өткізілген шараларды қорытындылады.

Тегтер: қазақстанның болашағы қазақ тілінде, мемлекеттік тілдің қолданыс аясы, орыстілді азаматтар, Дос Көшім, Оразгүл Асанғазы, расул жұмалы
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ