Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

СЕМИНАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

7.6.2023 1227

2023 жылғы 7 маусымда ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына»ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдістері» атты республикалық онлайн-семинардың алғашқы кезеңін бастап кетті. Бас-аяғы үш күнге созылатын бұл онлайн бас қосу өңірлік Тілдерді оқыту орталықтарының оқытушы-әдіскерлеріне арналған.

Семинар жұмысында Тіл саясаты комитетінің төрағасы, белгілі ғалым Е.Тілешов былай деп атап көрсетті: «Бас қосуымыздың ең басты ерекшелігі тіл үйрету мәселесімен бірге, тілді қолдану жағына тоқталатын боламыз. Бүгінгі таңда алқалы топтың алдында өз ойыңды шебер жеткізе білуге деген үлкен сұраныс бар. Әсіресе, күнделікті жұмыста халықпен тығыз байланыста жүретін мемлекеттік қызметшілердің ынтасы жақсы. Сондықтан, бұл жолғы жүздесуді түгелімен шебер де шешен сөйлеуге, яғни риторикаға арнауды ұйғардық. Бұл тақырып сөз болғанда, танымал ғалым Зәуреш Шаршабекқызының есімі есімізге бірден орала кетуі жәйдан жәй емес. Ол – тәжірибелі маман, ана тіліміздің шын жанашыры, өз бастамасымен әдістемелік журнал шығарып отырған бірден бір қайраткер».

КИМЕП университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы З.Ерназарова сөз тақырыбын анықтау, құрастыру жолдарын меңгерту мәселесіне бірден кірісіп кетті.

«Шаршы топта шешендіктің бой көрсетуі қоғам дамуының объективті сипатынан болады. Егер еркін ойды қоғам қажет қылмаса, көркем сөйлеу дегеніңіз сандықтың түбінде жасырынған асыл нәрсе сықылды архетипке айналады. «Керемет тауып айтқан екен» деп, тек өткенге ғана таңдай қағып, таңғалумен шектелуге мәжбүр боламыз. Демократиялық қоғам ғана асыл сөзді алдыңғы шепке алып шығады. Тыңдаушысы барда ғана сөздің құны болады»,– деді ол.

Дәріскер бұдан әрі сөз мақсаты мен концептісін айқындау стратегияларының түрлеріне тоқталып, оларды меңгертуге кірісті. Сондай-ақ, бүгінгі семинар соңында қатысушылармен практикалық жұмыс өткізіп, өзара еркін сұрақ-жауап алмасып отырды.

Келесі дәріс ертеңге жоспарланған.

Тегтер: семинардың алғашқы кезеңі
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ