Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚЫЗЫҚТЫ ДӘРІСТІҢ ЖАЛҒАСЫ

8.6.2023 1216

2023 жылғы 8 маусым күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдістері» республикалық онлайн-семинары өз жұмысын одан әрі жалғастырды.

Келесі бас қосуды Әдістеме басқармасының басшысы, жас ғалым Жазира Мақсұтқызы ашты. Семинар спикері КИМЭП профессоры, филология ғылымдарының докторы З.Ерназарованың бұл жолғы дәрісі сөз модельдері мен оларды меңгерту әдістеріне арналды.

Бұқар жыраудың: «Ел бастау қиын емес, Қонатын жерден көл табылады. Қол бастау қиын емес, Шабатын жерден ел табылады. Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ» деген сөзі қай кезде де өз маңызын жойған емес. Әсіресе, бүгінгі таңда халықпен тікелей қарым-қатынаста жұмыс істейтін мамандық иелері үшін ауадай қажет-ақ.

Ендеше тіл оқытушылары үшін бұл дәрістің әдістемелік мәні ерекше.

«Сөйлеуші, ең әуелі, өзінің не айтқалы тұрғанын анық білгені жөн: түсіндіру ме, жоқ әлде сипаттау ма, немесе хабарлау ма? Осыдан кейін барып, ақпараттық сөзді құрауға кіріседі. Бұл жерде қойылатын қатаң талап – ой анық та қызықты шыққаны дұрыс. Әрине, аудиторияның қызығушылығын естен әсте шығаруға болмайды. Мәселеге қатысты ескі мен жаңа жиі салыстырылса, тыңдаушыға тартымды бола түседі»,– деді Зәуреш Шаршабекқызы.

Дәріскер ақпараттық сөз құрастыру тәжірибесін сөз еткенде республикалық семинарға қатысушылармен тікелей байланысқа көшті, қазіргі кең қолданыста жүрген тренинг тәсілімен түсіндіруге кірісті. Бұл әдіс қатысушылардың қызығушылығын тудырғаны, әсіресе, тақырыпты меңгеру барысындағы айрықша белсенділіктен анық байқалып тұрды.

Сондай-ақ, үгіт – насихат сөз құрастыру жәй-күйі сөз болды.

Әдеттегідей соңынан үйге практикалық тапсырмалар берілді.

Мұның бәрі ертеңгі қорытынды бас қосуда талқыланатын болады.

Тегтер: семинардың екінші күні
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ