Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

СЕМИНАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН СӘТТІ АЯҚТАДЫ

9.6.2023 1321

2023 жылғы 9 маусым күні Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырмасымен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Көпшілік алдында сөз сөйлеуді меңгерту әдістері» республикалық онлайн-семинары өз мәресіне жетті.

Бағдарламаға сәйкес, республикалық онлайн бас қосудың дәріскері КИМЭП профессоры, филология ғылымдарының докторы З.Ерназарова соңғы күнгі кездесуді сөздік қорды дамытумен жүргізілетін жұмыс түрлерін таныстырудан бастады.

Зәуреш Шаршабекқызы тақырып төңірегінде терең ой қозғап, «Жалпы алғанда, сөзді құраудың алғашқы қадамы идеядан басталады. Көпшілік алдында еркін көсіліп сөйлеу үшін тақырып бойынша мол ақпарат болуы керек. Сонда ғана айтайын деген ой анық шығады. Дәлелдеу мен сендіру, бір қарағанда, мағынасы жағынан ұқсас болып көрінгенімен, қолданыста екі түрлі сипатта болып келеді. Алғашқысы индукциялық, дедукциялық, яғни нақты айғақтар мен логика заңдарына құрылса, соңғысы адамның эмоциясына негізделеді»,– деп атап көрсетті.

«Әуелі бұл шіркінді бастау қиын» дегендей, сөзге қажетті ақпаратты жинау, талдау, сұраптау техникасына көбірек тоқталды. Сөз ықпалын, әсерін күшейтетін көркемдегіш құралдарды меңгерту әдістері туралы жан-жақты әңгімелеп берді. Әсіресе, «Спикер тұлғасы. Энергетика» тақырыбы тыңдаушылар көкейіне бірден қона кетті.

Дәріс барысында қатысушылармен арада жанды байланыс орнатылды. Қажет кезінде екі тарап түрлі пікірлерін емін-еркін ортаға салып, ортақ мәмілеге келіп отырды.

Семинар соңында Тіл саясаты комитеті Әдістемелік қамтамасыз ету және лингвистикалық жұмыстар басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты Айнагүл Көкен үш күн бойы шешендік шеберлік биігінен табыла білген спикерге алғыс айтты.

Шараға үзбей қатысып, дәріс барысында жоғары белсенділік танытқан қатысушыларға, семинар барысына талдау жүргізілгеннен кейін, арнаулы сертификат табысталатын болады.

Тегтер: семинардың үшінші күні
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ