Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚР ТҮРКИЯДАҒЫ ЕЛШІЛІГІ МЕН «ТІЛ-ҚАЗЫНА» ОРТАЛЫҒЫ ҚАНДАСТАР ҮШІН ТІЛ ҮЙРЕТУ ЖОБАЛАРЫН ҰСЫНБАҚ

13.6.2023 1051

Түркияда арнаулы іссапармен жүрген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы жауапты қызметкерлерінің арнаулы делегациясы Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Сапиев Еркебұлан Оңалбекұлымен кездесті.

Түркия – Қазақ елі Тәуелсіздігін алған кезде алғашқы болып құттықтап, әлемдегі елдердің ең алды болып шын жүректен біздің қуанышымызға ортақ бола білген бірінші мемлекет. Содан бері Қазақстан мен Түркия достығына еш сызат түсіп көрген емес, Орта Азиядағы ең сенімді саяси, әлеуметтік, экономикалық серіктестерге айналды.

Кездесу барысында туыстас Түркия жеріндегі қазақ диаспоралары үшін қазақ тілін оқыту бойынша «Тіл-Қазына» орталығының әлеуетін кеңінен пайдалану, ортақ оқыту курстарын ашу мәселесі талқыланды.

Сонымен қатар, Елшілікте ана тілімізді насихаттау мақсатымен орталықтың атқарып жатқан сан салалы қызметі туралы жан-жақты ақпарат беретін арнайы бұрыш ашу туралы сөз болды.

Түркияда тұрып жатқан қандастарымыздың қазақ мәдениеті мен тіліне деген құштарлығы мен құлшынысы ерекше.

Тәжірибелі тіл мамандары қазақ тілін оқыту бағытында атқарылып жатқан жұмыс барысымен және болашаққа арналған жоспарларымен таныстырды.

Тегтер: Қазақ тілі
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ