Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ТҮРКИЯНЫҢ «TÖMER» ОРТАЛЫҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫ ЖОСПАРЛАУДА

15.6.2023 1184

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Түркия Республикасы Хаджеттепе университетінің түркология бөлімі жанындағы «TÖMER» түрік және шет тілдерін оқыту, қолданбалы зерттеулер орталығымен бірлесіп, тіл үйрету бағытында ынтымақтастық туралы алдын ала келісімге келді.

Түркиядағы бұл беделді жоғары оқу орнының түрік тілін үйретуде үлкен тәжірибесі бар. Қазақ тілін шетел азаматтарына үйрету бойынша бастама «TÖMER» орталығы тарапынан ұсынылды. Орталық қазақ тілін оқытуды да қолға алмақ ниетте екенін жеткізді.

Бас директор Мақпал Жұмабайдың айтуынша, университет басшылығымен қазақ тілін үйрету бағытында әдістеме, оқулықтар, қосымша материалдар әзірлеуде өзара тәжірибе алмасу келісілді. Сонымен қатар, қазақ және түрік тілін шет тілі ретінде оқыту саласындағы мұғалімдерді дайындау тәжірибесі ортаға салынбақ. Екі жақты кездесу негізінде меморандум қабылданады.

Тегтер: «TÖMER» ОРТАЛЫҒЫ, ҚАЗАҚ ТІЛІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ