Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«КӨКТУ» – ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕЛШІСІ

15.6.2023 921

Түрік қоғамында өзінің орны бар бұл қазақ қауымдастығы халқымыздың мәдениеті мен өнерін насихаттап, ана тілімізді үйрету бағытында белсенді қызмет жасап келеді. Осы мақсатқа арналып өтетін түрлі халықаралық шараларға да ат ізін құрғатпай араласып отырады екен. Делегацияның арнайы кездесуі олардың жүрегінде намыс отын қоздатып, жаңа бастамаларына жігер берді.

Әрине, бірінші кезекте, оларға тіл үйрететін оқу құралдар табыс етілді. Орталықтың тіл оқыту бойынша мол тәжірибесі бар, әлеуеті үлкен. Осыған орай, қауымдастықпен тығыз байланыста болу үшін өзара меморандум жасалды. Енді осы құжат аясында ана тілімізді үйрету бойынша, әдістемелік көмек көрсету жөнінде нақты жұмыстар атқарылады.

«Көкту» қауымдастығына атамекеннен арнаулы делегация келіп жатыр екен деген ақжолтай хабар алған Димаш Құдайбергеннің талантына табынушылардың Түркиядағы фан-клубының бір топ мүшелері келді. Әңгіме-дүкен қызып, ел туралы, тілді дамыту мәселесі жөнінде жақсы ой-пікірлер ортаға түсті.

Тегтер: «КӨКТУ» - ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЕЛШІСІ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ