Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

"ВОЛОНТЕРЛІК БАСТАМАЛАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУДЕГІ БАҚ РӨЛІ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ФОРУМЫ

22.6.2023 914

Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Бас директоры Мақпал Жұмабай халықаралық Еріктілер форумында «Волонтерлік бастамаларды ілгерілетудегі БАҚ рөлі» сессиясына модераторлық етті.

Форум жұмысына қатысқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Еріктілер өнегелі істері арқылы қоғамды дамытуға зор үлес қосады. Жанашырлық – қазақтың қанында бар қасиет. Халқымыз қиындыққа тап болған адамдардан көмегін аямаған. Ел басына күн туған қиын-қыстау сәтте «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара» білген. Қазақстанға жер аударылған талай этнос өкілдерін бауырына басып, барын бөліскен. Сондықтан бүгінгі жиынның мақсаты халқымыздың болмысымен үндес екені сөзсіз», – деп атап көрсеткен болатын. Аталған сессия жұмысы барысында Түркия, Әзірбайжан және Қазақстан мамандарымен бірге «медиаволонтер» деген жаңа ұғымның сипатын ашуға талпыныс жасалды.

«Спикерлерімнің тәжірибесі мен ерік-жігері медиа саласы мамандарын ерікті болуға бастайтындай әсерлі болды. Мәселен, Тайлан Йылдырым мырза Түркиядағы жер сілкінісі кезінде 93 күн БАҚ координациясымен айналысып, ақпарат таратқан. Отандасымыз журналист Нұрбек Бекбаудың «100 киіз үй» бастамасы ізгілік пен бауырластықтың символындай болғаны рас. Пандемия кезінде дәрігерлер қауымдастығы мен жалпы көпшілік үшін медициналық @medsupportkz платформасын ашқан дәрігер Ботагөз Каукенова мен оның 150 ғалым-дәрігер волонтері, антиваксерлерге қарсы ауқымды акция жасап, мемлекеттік құрылымдарға көмектескен Саида Таукелованың қозғалысы сараптауға тұрарлық. Әзірбайжандық Гюнел Мамадова еліндегі медиаволонтерлік жобалар туралы сөз қозғап, арнайы нұсқаулық ұсынса, «Белгісіз Қазақстан» блогының авторы Камериданов Диас интеллектуалдық волонтерліктің қоғам дамуындағы орасан орны жайлы сөз қозғады. Мен де бірнеше медиа жобамды ерікті ретінде жүзеге асырып келе жатқандықтан, оның қиындығына қанықпын. Осы ретте өз азаматтық бастамаларын бұқаралық жобаға айналдыра алған қайсар әріптестеріме тағы бір мәрте алғыс айтқым келеді»,– деп жазды Мақпал Жұмабай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Тегтер: халықаралық форум
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ