Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ҚОСТАНАЙДА ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН КӨРСЕТТІ

22.6.2023 917

2023 жылғы 22 маусым күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бөлім жетекшісі А.Орманова Қостанай облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған «Тілге құрмет – елге құрмет» аймақтық ашық есік шарасына қатысып, шара барысында тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сабақ көрсетті.

Тәжірибе алмасу мақсатындағы алғаш рет өткен бұл іс-шараға «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығы мұрындық болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, негізінен республика бойынша тілдерді оқыту орталығының атқарып жатқан жұмыстарын таныстыруды көздейді. Бұдан басқа заман талабына сай білім берудегі оқытушылардың өзара тәжірибе алмасу, ой бөлісу және әріптестік қарым-қатынас орнатуына жол ашады. Алқаға арналған ашық бас қосу «Шебердің қолы ортақ» көрмесімен ашылды. Іс-шараның келесі бөлігінде қалалық, аудандық тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары шеберлік сабақтарын көрсетіп, пікір алмасты.

«Ағылшын тілін орыс тілі арқылы үйретудің табысты тәжірибесі бар, сол себепті ағылшын тілі мен орыс тілін салыстырмалы түрде алып, қазақ тілін оқытудың әдістемесін алға шығарып отырмын. Себебі, қазақ тілі – жалғамалы тіл. Алдыңғы екі тілдің қазақ тіліне қарағанда, сөздің алдында тұратын көмекші сөздер, префикс сияқты ерекшеліктері бар. Сондықтан бұл тәсіл қазақ тілінің жалғамалы тіл екенін үйрететін әдіс болып табылады», – деп ой бөлісті әріптесіміз Айгүл Әділбекқызы.

Тегтер: шеберлік сабағы
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ