Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ТІЛ-ҚАЗЫНА» ЖАҢА ТЕЛЕГРАМ-БОТ ӘЗІРЛЕДІ

23.6.2023 1070

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім минстрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы озық технологиялар негізінде сөйлеуді танып, оны айна-қатесіз жазбаға түсіріп бере алатын бот жобасын іске қосты.

Бұл туралы Министр Саясат Нұрбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ондай былай делінген: «Достар, бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Тіл-Қазына» орталығының бағдарламашылары. Боттың ерекшелігі озық технологиялар негізінде сөйлеуді танып, оны қатесіз жазып береді.

Жобаны түрлі бағытта қолдануға болады. Мәтіндердің аудиосын енгізіп, жазба нұсқасын шығарып ала аласыз. Қолданба – медиа саласындағы кәсіби мамандарға, журналистерге, студенттерге тапсырмас құрал. Құралға дауыстық жазба, аудиоматериал енгізгенде, жылдам әрі қатесіз мәтінге айналдырып береді.

Жобаны әзірлеген бағдарламашылар тобы әрдайым боттың жұмыс істеу қабілетін арттыру үшін, техникалық жетілдіру жұмыстарын жүргізіп отырады. Түрлі форматтағы mp3, wav, mp4 аудиоматериалдарын файл түрінде енгізуге мүмкіндік болады. Және де жуық арада жобаның веб-нұсқасы да шығып қалады. Яғни мобильді құрылғы арқылы ғана емес, веб интерфейс арқылы да жұмыс істей алады.

Жобаның веб-нұсқасы аудиоматериалдарды мәтінге айналдыруда өте ыңғайлы. Қолданушылар көлемді аудиолар енгізіп, аудиоларды қажетті формаға ауыстыру үшін, интонация өзгерту, жылдамдығын түзету сынды қосымша өңдеу жұмыстарын жасай алады.

Ботты осы https://t.me/kzstt_bot сілтемеге өтіп, тестілей аласыз».

Тегтер: саясат нұрбек, әлеуметтік желі, телеграм бот әзірленді
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ