Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ТАҢШОЛПАНДА» ӘҢГІМЕЛЕП БЕРДІ

26.6.2023 819

2023 жылғы 26 маусым күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Тіл НUB инженер-бағдарламашысы Бауыржан Серікбайұлы «Таңшолпан» бағдарламасына қатысып, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту жолына қызмет жасауға қабілетті сөйлеуді мәтінге түрлендіру жобасы жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.

Ғылым және жоғары білім министрі кез келген аудиожазбаны қазақ тілінде сауатты, сапалы мәтінге айналдыра алатын бұл телеграм-бот туралы ақжолтай хабарды жақында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жария еткен-ді.

Бауыржан Серікбайұлының айтуынша, жоба Microsoft Azure интеграциясы арқылы Telegram-бот Speech-To-Text технологиясы негізінде жасалыпты. Жобаны түрлі бағытта қолдана аласыз. Мәселен, құр босқа әуреленіп, ұзақ-сонар жиналыстардың хаттамасын бұрынғыдай жарыса жазып отырудың орнына, лезде дайын аудиоматериалды ботқа жүктеп, мәтін түріндегі нұсқасын ала аласыз. Тіпті дауыс айқын болып, сөз шегеленіп айтылса, айту жылдамдығы дұрыс сақталса, тыныс белгілерін де қойып береді.

«Әлбетте, өнім әлі жетілдіріледі. Жақында түрлі форматтағы mp3, wav, mp4 аудиоматериалдарын файл түрінде енгізу мүмкін болады. Жобаның веб-нұсқасы да шығып қалады. Демек, мобильді құрылғы арқылы ғана емес, веб интерфейс арқылы да жұмыс жасайды»,– деп ой қорытты Бауыржан Серікбайұлы.

Қазақ тілін дамытуға арналған өнімді қолдану үшін мына сілтеме арқылы өтуге болады: https://t.me/kzstt_bot

Көбірек тарату арқылы кеңінен танылуына атсалысыңыз!

Тегтер: Сөйлеуді мәтінге түрлендіру жобасы
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ