Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

​Тіл дарындылары топ жарды

14.10.2016 3031
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үш тілді жетік білетін жастар арасында «Тілдарын» республикалық олимпиадасы өткізілді.

Оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасымен «Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМКҚ ұйымдастырды.

Аталған шара Ақмола облысы, Бурабай ауданы «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткізілді. Олимпиаданың мақсаты үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Жарысқа 18-22 жас аралығындағы, облыстық және қалалық іріктеу кезеңдерінің 15 жеңімпазы қатысты. Дарынды жастарға Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Қазақ тіл білімі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Ардақ Бейсембай (төраға), Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Ағылшын тілі және оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Алма Жүкенова, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Теоретикалық және қолданбалы лингвистика» кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Жанат Бектұрова, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасының аға оқытушысы Ғарифолла Әбілқасымов, «Отбасым» журналының редакторы Альбина Атен қазылық етті.

Олимпиада қорытындысы бойынша Қарағанды облысынан «Ж.Ақылбаев атындағы эксперименталдық мектеп-гимназия» КММ, ағылшын тілі пәні мұғалімі Нұрхан Нұрланов бас жүлдегер атанып, 120 000 ақшалай сыйлыққа ие болды. Алматы қаласы, Азаматтық авиация академиясының 2 курс студенті Ұлан Тасыров 1 орын (100 000 теңге) алса, Жамбыл облысы Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенті Аида Әмірова екінші орынға (80 000 теңге) ие болды. Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы №226 гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Фариза Қаражан үшінші орын (60 000 теңге) иегері атанды. Әсима Түрешова (Маңғыстау облысы), Еркебұлан Бауыржанұлы (Шығыс Қазақстан облысы), Ержан Орынбасаров (Астана қаласы), Аяжан Жақыпова (Алматы облысы) ынталандыру сыйлығына ие болды.

Тегтер: Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы, тілдарын, республикалық олимпиада
Авторы: tilalemi.kz

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ