Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ҚАЗАҚША ТҮСІНЕ БАСТАЙДЫ

28.7.2023 1271

Бүгін Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Мақпал Жұмабай мен «Speech Lab» ЖШС директоры Жұлдыз Татагулова бірнеше айдан бері жүргізіліп келе жатқан келіссөздердің нәтижесінде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. «Speech Lab» - жасанды интеллектіні еліміздің аудиториясына бейімдеу бойынша үлкен бастамаларды жүзеге асырып келе жатқан компания.

Аталған компания мен «Тіл-Қазына» орталығы қазақ тілін тануға қабілетті жасанды интеллектіні және сөйлеу синтезін дамытуға бірлесе күш салады. Бұл – қазақ тілін ғылым тіліне айналдыру бойынша атқарылып жатқан ең үлкен қадамдардың бірі. Демек болашақта «Siri», «Алиса» сынды дыбыс көмекшілері қазақ тілінде айтылған барлық ақпараттарды сапалы өңдеп, талдай алады. Бастама жүзеге асқаннан кейін мұны мемлекеттік мекемелер мен бизнес саласында да кеңінен қолдануға болады. Бұл қызмет көрсету саласын оңтайландыруға, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Мұндай үлкен жобаның сәтті жүзеге асуы үшін аса үлкен көлемдегі сапалы контент қажет. Сәйкесінше, мұндай ауқымды контентпен қамтамасыз ету міндетін «Тіл-Қазына» орталығы жүзеге асырады.

Тегтер: жасанды интеллект
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ