Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

«ҒАСЫР АДАМЫМЕН» КЕЗДЕСУ

11.8.2023 645

2023 жылғы 11 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Е. Тілешов Халықаралық биографиялық орталықтың (Кембридж, Ұлыбритания) шешімімен «Ғасыр адамы» атанған әлемге танымал ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, Қазақ жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры Темірғали Көкетаймен кездесті.

Оксфордта дәріс оқыған алғашқы қазақ Т.Көкетайұлы – ана тіліміздің үлкен қайраткері. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қарағанды облыстық филиалын басқарып, тіліміздің дамуына қомақты үлес қосты. Қарағанды облыстық «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігін құрды. Ғалым физика саласындағы ғылыми еңбектерімен қатар, физика терминдерінің сөздігін құрастырды. Тіл саласына сіңірген еңбегі үшін «Тіл майталманы» сыйлығының иегері атанып, «Тіл жанашыры» құрмет белгісімен марапатталды.

Кездесу барысында қазақ тілінің қазіргі жай-күйі, қазақ тілінін ғылым тілі ретінде дамыту мәселелері сөз етілді. Әсіресе жаратылыстану саласы терминдері сапасы мәселесіне баса назар аударылды.

Комитет төрағасы, өз кезегінде, қараша айында кәсіби мамандардың қатысуымен жаратылыстану саласы терминологиясына арналған іс-шара өтетінін айтып, кездесу қонағын қатысуға шақырды.

Тегтер: «ҒАСЫР АДАМЫМЕН» КЕЗДЕСУ
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ