ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ҚАНАТ ЖАЙЫП КЕЛЕДІ
Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында халықаралық деңгейде атқарылар жұмыс көлеміне де көбірек назар аударып отыр. Жақында Әдістеме LAB бөлімі Ұлыбиртаниядағы ALTE тест жүйесін стандарттау мәселелері бойынша кеңесшісі Касия Вознякпен онлайн кездесу өткізді.
ALTE – Еуропада және одан тыс жерлерде тілдік қабілеттерді әділ және дұрыс бағалауды ілгерілету үшін бірлесіп жұмыс істейтін тілдік тест провайдерлерінің қауымдастығы болып табылады.
Кездесу барысында қазақ тілін Еуропалық стандарттарға сай сертификаттау, қазақ тілінде арнайы ALTE стандарттарына сай тест жүйесін қалыптастыру мәселелері сөз болып, ұйымға мүшел болу мүмкіндіктері талқыланды.

