Қазقاز        
Бізге хат жазыңыз
Бізге хат жазу

Байланыс

Мекенжайы:
Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 7А
Телефон:
+7(7172) 40-83-67

+7(7172) 40-83-93
E-mail:
info@tilqazyna.kz

tilalemi.kz@gmail.com
Кіру 
Кіру тіркелу

Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл

Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды

Халел Досмұхамедұлы

Сөзі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады

Ахмет Байтұрсынұлы

Тіл – адам жанының тілмашы

Мағжан Жұмабаев

Тіл тазалығы үшін күрес - ешқашан толастамайтын мәңгілік күрес

Бауыржан Момышұлы

Ана тілін жақсы меңгере алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес

Жүсіпбек Аймауытұлы

ЖАҢА САНЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ

15.8.2023 830

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Тіл және қоғам» альманағының 2023 жылғы №1 (57) саны жарық көрді. Басылым қазақтың ұлы ақыны, ұлт болашағы үшін күрескен көрнекті Алаш қайраткері Мағжан Жұмабайұлының туғанына 130 жыл толуымен байланысты Тіл саясаты комитетінің төрағасы, белгілі алаштанушы ғалым Е.Тілешовтің «Мағжанның жаңашылдығы» мақаласымен ашылған.

Осы айдар көркін Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Қайырбек Кемеңгердің «Дүкенбай Досжанның «Мағжанды өлтіргендер» шығармасындағы көркемдік шындық пен деталь» атты бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған мақаласы аша түседі. Аты айтып тұрғандай, автор ақын тағдыры туралы көркем шығармаға терең талдау жасайды.

«Таным» бөліміндегі ұлт ұстазы, қазақ тіл ғылымының атасы Ахмет Байтұрсынұлы туралы жарық көрген материалдар: филология ғылымдарының докторы, профессор Шапағат Жалмахановтың «Ахмет Байтұрсынұлының оқу-ағартушылық қызметі» мен филология ғылымдарының докторы, профессор Жантас Жақыповтың «Қазақ руханиятын құтқарушы» мақалаларының оқырман көңіліне жол табары сөзсіз. Сондай-ақ, Алаштанушы ғалым Айдын Рысбекұлының «Беймәлім алаш: Мұхтихар Титақов» туындысы тарихи деректерінің молдығымен бірден баурап алады.

«Әдістеме» бөлімінде ҚР Кіші ғылым академиясының вице-президенті, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.Оразахынова «Тіл саласындағы жаңа технологиялары» хақында, ал КИМЭП Университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы З.Ерназарова «Қазақ тілін оқытудың аксиологиялық бағыты» жөнінде сөз қозғайды.

Бұдан басқа «Талқы» және «Сөз өнері» айдарында латыннегізді қазақ әліпбиінің пайдасы мен қатері, интермәтіндік және прецендентілік феномендерінің фольклоризмге қатысы туралы жан-жақты айтылады.

Жас ғалымдардың қаламынан туған мақалаларға да орын берілген.

Альманағтың толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқуға болады: https://tilalemi.kz/tartu/one/1192
Тегтер: Тіл және қоғам
Авторы: Тіл әлемі

Сондай-ақ, оқи отырыңыз

633 Ақпарат

ТЕХНОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ҮЛЕС САЛМАҒЫН АРТТЫРУ КӨЗДЕЛЕДІ

827 Ақпарат

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ

913 Ақпарат

«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ІЗАШАР МИССИЯСЫ